Ағыбай Құсманұлы Смағұлов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ағыбай Құсманұлы Смағұлов (1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы) – биология[ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
Өмірбаяны
- Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және аспирантурасын (1975) бітірген.
- 1978 жылдан осы институтта ассистент, доцент, профессор, қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Халықаралық еуразия экономикалық академиясының толық мүшесi (1998), биология ғылымдарының докторы (1994 жылы Санкт-Петербург қаласында қорғаған).
- Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетi стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасының профессоры.
Ғылыми жұмыстары
- Көп жылдардан берi ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң көптеген түбiрлi ғылыми-зерттеу бағдарламаларына жетекшiлiк жасап келедi. Ондаған ғылыми-әдiстемелiк оқулықтар мен еңбектердiң авторы.
- 1975-2004 жылдары iрi қараның еттi тұқымын қалыптастырумен айналысқан, белгiлi «әулиекөл» авторларының бiрi.
- 1972-1997 жылдары қазақтың ақбас cиыры тұқымын қалыптастырумен айналысқан.
- 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>