Күзек шегені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Күзек шегені – Қарақұм мал жайылымының Жалағаш ауданы аумағында орналасқан құдық.

Бұл жер 19 ғасырдың орта шенінде Керейт руының Ойық аталығында мың жылқы біткен Күзек байдың жазғы қонысы болған. Қарақұмның бұл аймағында әдетте 3 – 4 м тереңдікте мол судың көзі ашылады, бірақ топырағы ыспа құм болғандықтан қазылған құдықтар құлап қала береді. 1860 жылдары Күзек бай 30 түйе сексеуіл түсіріп, үлкен шеген салдырған. Сол шеген-құдық қазірге дейін малшы қауымының қажетін өтеп келеді. Құдық суы 3 – 4 отар қойды суғаруға жетеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер