Кіші Борсық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:02, 2016 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Кіші Борсық– Солтүстік Арал маңындағы құмды алқап. Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысының Арал аудандары жерінде.


Кіші Арал теңізінің солтүстігінде 80 км-ге созылған. Ені 10 – 25 км. Орташа биіктігі 150 – 170 м, абсолюттік биіктігі 213 м (орта тұсында). Тұран тақтасының синклинальдық иінінде. Құмды алқап бор және палеоген тау жыныстарының жел (эол) әрекетінен үгілу нәтижесінде пайда болған. Әр түрлі бұта және шала бұта басқан құм төбешіктерден, шағыл құмдардан тұрады. Құм шөл белдемінде жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық (қаңтардың орташа температурасы –12–15°С), жазы ыстық, құрғақ (шілденің орташа температурасы 25–26°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 мм, көктемнің соңы мен жаздың басында жауын көп жауады. Грунт суы 2 – 40 м тереңдікте кездеседі, көбінесе тұщы. Құмайт қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, бетеге, жүзгін, т.б. өседі. Құмда қыстаулар, тұщы құдықтар көптеп кездеседі.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}