Өрнек қала орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Өрнек қала орны – көне қала орны. Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 км қашықтықта, Алтынсу мен Шұбырынды өзендерінің жағасында орналасқан.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Зерттеушілер

1985 – 86 жылы К.Байпақов жетекшілік еткен экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Сипаттамасы

Өрнек қаласының орталық бөлігі аумағы 155×160 м болатын төрт бұрыш пішінді, жан-жағы дуалдармен қоршалған. Қоршаудың қазіргі қиранды үйіндісінің биіктігі 5 м-ге, ені 11 – 15 м-ге жетеді. Қоршаудың бойында 31 күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Қазба жұмыстары Өрнектің 8 – 12 ғасырда гүлденген қала болғанын көрсетеді. Қазба жұмыстары барысында тастан безендіріліп жасалған 4 колонна табылды. Мықты бекіністің, мешіттің, әсем сарайдың орындары табылуы Өрнектің кезінде жоғары дамыған қалалар қатарына жататындығын айғақтайды. Ортағасырлық географтар – Ибн Хордадбек пен Құдама Тараз бен Құлан арасында Касриабас, Күлшуб, Жулшүб деген қалалардың болғанын жазып қалдырған. Осындағы Күлшуб қаласы Өрнек болса керек.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өрнек қала орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}