Қаратау қауы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Қаратау қауы (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 20 – 30 см.
- Сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген.
- Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған.
- Гүлшоғырының ұзындығы 6 – 8 см, жіңішке. Масақ қабыршақтарының ұзындығы 22 – 31 мм. Төмен гүл қабыршағы 8 – 9 мм, 5 түкті жолағы бар. Қылтанағы 8 – 9 см, имек келген, жоғары жағында 3 – 4 мм, түгі бар.
- Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістері піседі.
- Жемісі – дәнек. Гүл қылтанағы арқылы өсімдік дәнегі топыраққа бекиді. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>
Өсетін орны мен таралуы
Батыс Тянь-Шань мен Қаратау жотасының (Оңтүстік Қазақстан облысы) Шу-Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі.
Қаратау қауы – жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп.
Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Тараз энциклопедиясы </ref>
Дереккөздер
<references/>