Зауыт-ВТУЗ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:32, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
ЗАУЫТ-ВТУЗ – КСРО-да ірі өнеркәсіп орындары жанында жұмыс істеген дербес техникалық жоғары оқу орындарының атауы. Зауыт-ВТУЗ өндіріс қызметкерлері арасынан жоғары білімді мамандар даярлау, өнеркәсіп орындарында инженер-техникалық қызметкерлердің білімін жетілдіру, ғылым мен техника жаңалықтарын өндіріске енгізу, т.б. міндеттерді орындады. Қазақстанда ең алғашқы Зауыт-ВТУЗ 1963 жылы Теміртау қаласында Қарағанды металлургия зауытының жанынан ашылды. Оның химиялық-металлургиялық, экономикалық және инженер-құрылысшы факультеттерінде 11 мамандық бойынша инженерлер даярланды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>
Дереккөздер
<references/>