Сарытөбе Көне Қонысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:48, 2011 ж. желтоқсанның 21 кезіндегі Sibom (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарытөбе Көне Қонысы – 8 – 12 ғасырлардан қалған археологиялық ескерткіш. Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен ауылының батыс шетінде, Арыс өзені жағалауының сол жақ жиегіндегі жарқабақта орналасқан. 1980 жылдары Шымкент педогогикалық институтының ауылы Н. Подушкин жетекшілігіндегі археологиялық отряды зерттеген. Ескерткіштің топографиясы мынадай: төртбұрыштанған орталық төбенің етек диаметрі 70х75, жоғарысы – 45х50, биіктігі 8 м; жоғарғы алаңда құлаған қабырғалардың қалдығы 1 – 1,2 м жал құраған. Алаң ортасындағы шаршы биіктің етек ауқымы 20х20, биіктігі 1,5 м-ге дейін. Цитадельге батыс тұстан түйісетін тік бұрышты алаңның ауқымы 40х70, биіктігі – 3 м.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала