Малакка түбегі
Малакка түбегі (Үлгі:Lang-ms; Үлгі:Lang-th) — Оңтүстік Шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстік бөлігі. Ұзындығы 1300 км, ауданы 190 мың км² Малакка түбегінің солтүстігінде Мьянма, Таиланд, оңтүгінде Малайзия мемлекеттері орналасқан. Батысында Андаман түбегі және Малакка бұғазымен, шығысында Үндіқытай түбегі және Сиам шығанағымен шектеседі. Тау массивінің биіктігі 2190 м-ге (Тахан тауы) жетеді, ал шығыс жағалауын жазық жерлер алып жатыр. Малакка түбегінде қалайының, вольфрамның мол кен орындары бар. Экваторлық, субэкваторлық климат белдеуінде орналасқандықтан ауа температурасы жыл бойы тұрақты (25 — 27°С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1000 — 4000 мм. Мұнда мәңгі жасыл орман өседі. Жануарлардан гиббон, лемур, малайя тапирі, мүйізтұмсықтар, т.б. мекендейді. Күріш, кокос пальмасы, каучукты өсімдіктер өседі. Малакка түбегінде Малайзияның астанасы — Куала-Лумпур қаласы орналасқан.
<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>
Дереккөздер
<references/>