Миркен Сейітқасымұлы Абақанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Миркен Абақанов (1946, Ресей) - ғалым жəне мемлекеттік қайраткер.
Білімі жəне ғылыми қызметі
Қазақ политехникалық институтын бітірген (1970). Техника ғылымдарының кандидаты (1980), аға ғылыми қызметкер. Мақала және өнер табыс түріндегі 40-тан аса ғылыми жұмыстары бар.
Өмірбаяны
- 1970-1973 жылдары - Мәскеудің «ГИПРОВУЗ» жобалау институтының Алматыдағы шеберханасында аға инженер.
- 1973-1995 жылдары - КСРО Мемқұрылысының Қазақ өнеркәсіптік құрылыс жобалау ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі.
- 1995-1998 жылдары-Қазақстан Республикасының жоғары және орталық органдарды Ақмола қаласында қайта орналастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының құрылыс, көлік және инженерлік ішкі құрылым бөлімі бастығының орынбасары.
- 1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті басқармасының бастығы.
- 2000-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК азаматтық құрылыс және әлеуметтік жобалар департаменті директорының орынбасары.
- 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ¥К» ЖАҚ күрделі құрылыс және қайта жаңарту департаментінің бас менеджері.
- 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ ¥К» АҚ күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Дереккөздер
<references/>