Сөгеті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сөгеті – Іле Алатауының шығысындағы Сөгеті және Торайғыр таулары аралығындағы аңғар. Батысында Шілік, шығысында Шарын өзендері аңғарларына тіреледі. Ұзындығы 50 – 60 км, ені 20 – 25 км. Шығыс жағы көтеріңкі (абсолюттік биіктігі 1189 м). Шөлейтті сұр топырақты жерінде бұта аралас бетеге, қау, қаражусан, көкпек сияқты өсімдіктер өседі. Шығысындағы эрозияға ұшыраған сұр, сортаңды сұр топырақты адырлы жерінде тасбұйырғын, бұйырғын өседі. Сөгеті аңғары арқылы Алматы – Шонжы – Нарынқол автомобилдық жолы өтеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>