Павлодар химия зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:36, 2014 ж. қыркүйектің 17 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Павлодар Химия Зауытыхимия өнеркәсібі орны. 1973 ж. пайдалануға берілген. 1989 жылға дейін КСРО қорғаныс кешенінің кәсіпорны ретінде КСРО Химия өнеркәсібі мин-нің “СОЮЗОРСинтез” құрамында болды. 1994 ж. мемл. акцион. қоғам болып қайта құрылды. 1999 ж. 1 сәуірде зауыт ашық акцион. қоғамға айналдырылды. 2001 жылдың 9 қаңтарынан кәсіпорын акцияларының мемл. пакеті Павлодар әкімінің коммуналдық меншігіне берілді. Өндіретін негізгі өнімдері: кішігірім ыдысқа құйылған сұйық хлор, дезинфекциялаушы заттар, антифриздер мен мұздатпайтын заттар, ИОМС, поливинилхлорлы пластикаттар, майға қоспалар, флотореагенттер, моторлық майлар. “ПХЗ” хлорлы-сілтілі өнімдер өндірісін дамытуға бағдарланып отыр.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Павлодар химия зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}