Кумаражива
"'Кумаражива (санскрит. -कुमारजीव; қыт. -鳩摩羅什 ) (б.з. 344-413) - Қытайдың әйгілі аудармашысы.
Өмірі
Батыс өңірдегі Күсән мемлекетінде дүниеге келген. Оның әкесі Комоян әсілі, Димду ( қазіргі Үнді жерінде) елінен болатын. Уәзір әулетінен шыққан ол өте зерек, әрі діндар болып өседі. Мұрагерлік орнынан бас тартқан соң, Памир асып, Күсәнге келеді. Күсән ханы оған абыздыққа ұсыныс жасап, өз қарындасы Кер ханымды оған атастырады. Жеті жасында, тақыр бас монаққа айналған шешесіне ереді. Күн сайын дұға оқып, 32 мың үзік жаттайды. Тоғыз жасында анасына еріп киелі жерлерді аралайды. Көптеген кітаптарды аяқтап ел саяхаттады. Ол кейіннен махаяна тұғырнамасын зерттеп, таратып, Қытай ғұламаларының осы тағлымның ақиқат мәнін түсінуге жол ашты. Сонымен қатар көптеген білімпаздарды жетілдіріп кетті, мысалы неруана ғұламасы атанып кеткен Даушы, буддизмдік ағымның атасы атанған Сың Жау секілді ғұламалар Кумараживаның шәкірттері болатын<ref> Қөрші әмбебап мәдени журналы. Әуелқан Қалиұлы. Алматы. № 31 2009 ISSN 1673-3843 </ref>.
Дереккөздер
<references/>