Еуразия Химия-Технологиялық Журналы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:22, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Еуразия Химия-Технологиялық Журналы– ағылшын тілінде шығатын ғылыми журнал. 1999 жылдың желтоқсан айынан бастап — Алматы қаласында шығады. Құрылтайшылары — ҚазҰУ-дің Жаңа химия технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты және Халықаралық ғылым академиясының Жоғарғы мектебі. 3 айда 1 рет шығады. Журналдың мақсаты — Еуразия ғалымдары арасындағы ақпарат алмасуды дамыту. Журналда органикалық синтез, мұнай химиясы, плазмохимия, жану, радиациялық химия, термохимияның, т.б. химия салаларының өзекті мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда шешуге, жаңа тиімді әрі экол. қауіпсіз технологиялар жасау проблемаларына арналған мақалалар басылады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub