Микрофильмдеу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Микрофильмдеу – түрлі құжаттардың, қолжазбалардың, техникалық сызбалардың, басылымдардың кішірейтілген көшірмелерін фотографиялық тәсілмен (немесе кинотүсіргі аппаратымен) түсіріп алу.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>.
Микрофильмдеу әдетте түпнұсқа материалдарының 8-40 есе, ал кейде тіпті 60-100 есе кішірейтілген көшірмесін береді. Ол үшін 16, 35, 70 және 105 мм-лік кинофотопленкалар пайдаланылады.
Микрофильмденген материалды оқу немесе көру үшін арнайы аппарат қажет. Ол фильмдерді ондаған есе ұлғайтып көрсетеді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала