Сейітжан Полымбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сейітжан Полымбетов (25.5.1913 жылы туған, Шиелі ауданы Тартоғай ауылы) – мемлекеттік қызметкер. Алматы кен металлургия институтын (ҚазҰТУ) бітірген (1934). 1934 – 42 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінде нұсқаушы, Қарағанды облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1942 – 47 жылдары Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1947 – 50 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1950 – 56 жылдары Гурьев (Атырау) облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1956 – 61 жылдары Қазақстан Жергілікті өнеркәсіп министрі, Алматы халық шаруашылық кеңесінің, техникалық комитеттің төрағасы қызметінде болған. 1961 – 68 жылдары Республикалық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, 1968 –75 жылдары Қазақстан Министрлер кеңесінде бөлім меңгерушісі болды. КСРО, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub