Мария Александровна Орлова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Soil.jpg
топырақ

Орлова Мария Александровна (2.1.1926, Ресей, Иванов облысы, Юрьевец ауданы, Заливенки селосы) – топырақтанушы-ғалым, биология ғылым докторы (1983). Мәскеу ауыл шаруашылык академиясын бітірген (1950). 1954 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Топырақтану институтында аспирант, жетекші ғылыми қызметкер (1986 жылдан). Негізгі ғылыми зерттеулері топырақ мелиорациясы және геохимиялық мәселелерге арналған. Орлова шөлдің сортаң топырағынан жел ұшырған тұз мөлшерін анықтаудың әдісін тапты. Табиғаттағы тұз айналымы сұлбасын жасап, басқа ғалымдармен бірге республика топырағын мелиорация тұрғыдан бағалау негіздерін салды (Қазақстан Мемлекеттік сыйлық, 1984). 50-ден астам ғылыми еңбегі бар. <ref name="source1">Қазақстан энциклопедисы VII-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub