Шекебай Есенғараұлы Өмірбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шекебай Есенғараұлы Өмірбаев (1925 ж. т., Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – соғыс ардагері, техник-механик. Ашғабад қаласындағы «Жерге орналастыру» техникумын (1942), Мәскеу қаласындағы жерге орналастыру инженер институтын (1962) бітірген. 1943 – 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1953 – 54 ж. Таушық ауылындағы қуатты сорап құрылымының техник-механигі. 1962 – 87 ж. Ақтау қаласындағы «Казгипрожер» мекемесінде қызмет атқарған. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Соғыстағы ерлігі үшін», т.б. бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub