Автополиплоидия

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Автополиплоидия (грек, autos — өзім, өздігінен; polys — көп; eidos — түр) — жасушалар ядроларындағы хромосомалар жиынтығы санының бірнеше рет көбеюі нәтижесінде пайда болған түқым қуалайтын өзгергіштік. Автополиплоидия, көбінесе, өсімдіктер жасушаларына тән. Жануарлар жасушаларында аталмыш құбылыс сирек кездеседі. Қолдан жасалған автополиплоидия негізінде қарақұмықтың, қарабидайдың, қант қызылшасының және т.б. мәдени өсімдіктердің өнімді жаңа сорттары алынған. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub