Электрстатика

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Электрстатика (электро… және статика) – физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы. Тыныштықта тұрған электр зарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Э-ның негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатик. күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатик. өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергет. сипаттамасы – потенциал да () пайдаланылады. Э. заңдары электр аппараттарында, электронды оптик. приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады. Үлгі:Суретсіз мақала