Координациялық байланыс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Координациялық байланыс, донорлы-акцепторлы байланыс – кешенді қосылыстарға тән химиялық байланыс түрі. Бөлшектердің біреуі донор, ал басқасы электрондар жұбының акцепторы болады. Акцептор деп бос деңгейі (орбитасы) мен оң заряды болатын,молекулалық (атомдық) жүйені айтады. Электрондар жұбы бос (бөлінбеген) жүйе донор деп аталады. Координациялық байланыс түзілгенде бөлінбеген электрондар жұбы донор мен акцептор үшін ортақ болады. Оның табиғатын түсіндіретін үш теория бар: валенттік байланыс, молекулалық орбиталь және кристалдық өріс. Алғашқы екеуі Координациялық байланысты коваленттік байланыстың бір түрі деп қарастырса, үшіншісі электрстатикалық әсерлесу күші деп есептейді.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub