Лютня (аспап)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лютня (аспап), (арабша - ағаш) - шертпелі музыка аспабы. Шанағы домбыраға, мойны қобыздың кежегесіне ұқсас. 6-16 ішек (24-ке дейін) тағылады.
Тарихы
Лютняныӊ шығу төркіні араб, иран елдерініӊ уд деп аталатын музыкалық аспабынан басталады. Орта ғасырдыӊ аяғында Лютня аспабы Испания мен Сицилияға, оныӊ сәл өзгеріске ұшыраған түрі Батыс Еуропа, кейін Шығыс Еуропа елдеріне тарады. Лютняныӊ еӊ өріс алған кезеӊі XVI - XVII ғасырларды болды. XVIII ғасырдыӊ 2-жартысына қарай бұл аспапты гитара ығыстырып шығарды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 5 том</ref>
Дереккөздер
<references/>