Юкон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:19, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Юкон (Yukon; үндістерше – үлкен өзен) – Канада мен АҚШ (Аляска) жеріндегі өзен. Ұзындығы 3700 км, алабының аумағы 855 мың км². Кордильерадан басталып, жоғарғы ағысы Юкон таулы үстіртінің терең тау аңғарымен өтіп, көпшілік бөлігі Аляска жазығы арқылы ағып, Беринг теңізінің Нортон шығанағына құяды. Ірі салалары – Танана (сол), Пелли, Поркьюпайн, Коюкук (оң). Суының орташа ағымы 6,5 мың м3/с. Негізінен қар суымен толығады. Су тасу маусымында (мамыр – маусым) деңгейі 15 – 20 м-ге көтеріледі. Қазан – қараша айларынан сәуір – мамыр айларына дейін қатады. Мамыр – қыркүйекте сағасынан 3200 шақырымға дейін кеме жүзеді. Теңіз толысуы өзен бойымен 160 шақырымға дейін таралады. Ірі қалалары: Танана (АҚШ), Уайтхорс, Доусон (Канада). <ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Юкон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}