Жекелей біріншілік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:07, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жекелей біріншілікқатысушылардың жеке нәтижесін анықтайтын спорт жарысы. Жекелей біріншілікте чемпионды (жеңімпазды), ең күшті спортшыны таңдаудың әр түрлі жарыс тәсілдері қолданылады. Соның кең тараған түрі — олимпиадалық жүйе. Мұнда қатысушылардың жеңілгені шығып, жеңгені жарысты жалғастыра береді (мыс., бокста). Жеңіл және ауыр атлетикада жеңімпаз ұзындық, биіктік, уақыт, салмақ, т.б. өлшемдермен анықталады. Шахмат пен дойбыда айналым жүйесі, кейде швейцариялық деп аталатын жүйе қолданылады. Гимнастикада командалық жарыстағы көрсеткіш пен жекелей жарыстағы нәтиженің қосындысын екіге бөлу арқылы спортшының жекелей есептегі орны белгілі болады. Жекелей біріншілікте жеңімпазды анықтау үшін жарыс өткізудің тізбекті, пирамидалық, аралас, жетілдірілген тәсілдері де қолданылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub