Геоморфологиялық профиль

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Геоморфологиялық профиль (кескін) - тік жазықтықтағы қимада жер бетінің белгілі бір телімінің графикалық бейнесі. Оның жоғарғы сызығы жер бетінің дол гипсометриялық жағдайын көрсетеді, ал бұл сызықтың астында геологиялық құрылыс (геологиялық қима) беріледі. Геоморфологиялық профиль әдетте, тік масштабы көлбеу масштабтан 5-10 есе үлкейтіліп көрсетіледі, ол бедер пішіндерінің ерекшеліктері мен қалыңдығы аз төрттік түзілімдерді қамтуға мүмкіндік береді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub