Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рейхстаг (ғимарат)"
ш (clean up, replaced: мая → мамыр using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Рейхстаг ғимараты немесе Рейхстаг (Үлгі:Audio; Үлгі:Lang-de — «мемлекеттік жиналыс ғимараты») — Берлиндегі әйгілі тарихи ғимарат, бұнда 1894—1933 жылдары Германияның аттас мемлекеттік органы — Герман империясының рейхстагы және Веймар республикасының рейхстагы кездесу өткізген, ал 1999 жылдан бұл ғимаратта Германия бундестагы орналасқан.
Тарихы
Ғимарат итальяндық биік қайта өрлеу дәуірінің стилінде франкфурттық сәулетші Пауль Валлотаның жобасымен салынған. Неміс парламенті ғимаратының алғашқы тасын 1884 жылы 9 маусымда кайзер Вильгельм I қалаған. Құрылыс мерзімі он жылға созылып, Вильгельме II кайзердің кезінжде аяқталды.
1933 жылы 27 ақпанда рейхстаг ғимараты өрт қойылған соң жанып кетті. Ұлтшылдар өртке коммунистерді кінәлап бұл жағдайды өз уәкілеттіліктерін арттыруға және басты саяси қарсыласымен мәмілеге келу үшін пайдаланды. Бұдан кейін сирек кездесулер өртелген рейхстаг (барлық саяси маңызынан айырылды) ғимаратта емес, Кролль-Операда өткізіп келді, бұл 1942 жылы тоқтатылды. Кейін Ғимарат насихат кездесулер үшін қолданылған, 1939 жылдан — әскери мақсатта қолданылды.
Берлин үшін шайқас уақытысында кеңес әскерлері Рейхстаг штурмын жүргізді. 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагта Жеңіс туы тігілді<ref>Мизеркин С. Неизвестные факты из истории Знамени Победы // Голос России. — 2009. — 5 мамыр.</ref>, ал 1 мамырда Александра Косс қолбасшылығымен 115-ші гвардиялық истребительдік авиациялық полкы «Победа» деген жазуы бар Қызыл Жеңіс Туы тасталды. Рейхстаг қабырғасына кеңес сарбаздары көптеген жазбалар қалдырған, олардың бір бөлігі (оның ішінде жиналыс залында) әлі күнге дейін қайта қалпына келтірілген соң да сақталған<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 1947 жылы кеңес комендатурасының бұйрығымен жазулар «цензураға ұшыраған», яғни ұятсыз жазулар жойылды және бірнеше «идеологиялық жазулар» енгізілді.
Рейхстаг қарбығаларындағы жазуларды сақтау мәселесі, 1990 жылдары оны қайта жөндеу жұмыстары басталған кезде көтерілген болатын (сондай-ақ, алдыңғы қалпына жөндеу жұмыстарының бастапқы кезеңдерінде 1960-шы жылдардағы көптеген жасырын жазулардың табылғаны бар). Бундестаг Президенті Рита Зюсмуттың және Ресей Федерациясының ГФР-дегі елшісінің 1996 жылғы келісімімен әдепсіз жазылған және нәсілшілдік мазмұндағы жойылып, тек 159 граффити қалдырылды<ref>Petra Bornhöft. Schweinkrem mit blauer Kreide. Der Spiegel — 1999, № 26</ref>. 2002 жылы бундестаг жиналысында жазуларды алып тастау туралы мәселе қойылды, бірақ ұсыныс көпшілік дауысқа ие бола алмай, қабылданбады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Кеңес сарбаздарының жазуларының басым бөлігі Рейхстаг ғимаратының ішкі бөлігінде жазылған, ныне доступных только с экскурсоводом по записи. Жоғарғы қабатта, оң жақ бөлігінің ішкі жағында: «Астрахань Макаров» жазуы сақталған. Сонымен қоса сол жақ бөлігінің де ішкі жағында жазулар сақталған<ref>Естелік қабырғасы</ref>.
- Жеңіс Туы.jpg
- Reichstag russisch detail 17861 duhanic.jpg
Кеңес сарбаздарының жазулары
- Одна из надписей оставленная при реставраций Рейхстага.jpg
Жазулары бар Рейхстаг қабырғаларының бірі қалпына келтіру жұмыстарынан соң қалдырды
Қазіргі заман мәдениетіндегі Рейхстаг ғимараты
- 1995 жылдың мамырында ресейлік суретшілер Александр Кисляков және Юрий Шабельников «Екі құрбандық: ащы және тәтті» инсталляциясын орталық элементі үлкен торт болып табылатын, Рейхстаг ғимаратының шағын көшірмесі түрінде құрды<ref>Боде М. Два приношения: горькое и сладкое // Художественный журнал. — 1996. — № 9.</ref>.
- 1995 жылы 24 маусымда қайта жөндеулер алдында болгардан шыққан американдық мүсінші және суретші Христо Явашев рейхстаг ғимаратын «орады». Оралған Рейхстаг ғажап өнер туындысына баланып бес миллион келушілер тартты.