Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Галилейдің салыстырмалық принципі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Механикалық құбылыстарды әр түрлі санақ жүйелерінде қарастыра отырып, Галилей келесі тұжырымғы келді: бірдей бастапқы шарттарда өзара қатысты бір қалыпты қозғалған кез келген инерциялық санақ жүйелерінде барлық механикалық құбылыстар бірдей өтеді. Бұл қағида Галилейлің салыстырмалық принципі деп аталады.

Электромагниттік толқындар ашылуына және жарықтың электромагниттік табиғаты анықталуына байланысты электромагниттік құбылыстарға салыстырмалық принципті пайдалану мүмкіншілігі туралы сұрақ туындады.

Максвелл теориясында электродинамика заңдарына сәйкес электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығы толқын көзінің және байқаушының жылдамдығына тәуелсіз,тұрақты болу керек.

Ал,шынында,жарықтық жылдамдығы санақ жүйесін таңдауына тәуелді ме деген сұраққа жауапты тек қана тәжірибе бере алады.