Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Электрметаллургия"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Электрметаллургия (электр… және металлургия) – металлургияның электр тогы арқылы кен мен оның концентратынан металды ажыратып алатын, металл мен қорытпаларды балқыта отырып оларды бөгде қоспалардан тазартатын (қ. Рафинациялау), сондай-ақ қыздыру арқылы қажетті құрылымы бар металл алатын саласы. Э-ға гальванотехника да жатады. Э-да электртермиялық тәсіл (электр құбылыстарының жылулық әсерін пайдалануға негізделген) және электрхимиялық тәсіл (электролиз құбылысын пайдалануға негізделген) деп аталатын 2 тәсіл қолданылады. Қара металлургияда көбіне электртерм. тәсіл, ал түсті металлургияда электртерм. және электрхим. тәсілдер қатар пайдаланылады. Үлгі:Суретсіз мақала