Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нейтрондық импульстік каротаж"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003 → Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Нейтрондық импульстік каротаж - нейтрондық каротаж әдістерінің бірі. Бұл әдістің өзге нейтрондық каротаж әдістерінен айырмашылығы — нейтрондардың импульстік көзі ұңғыма оқпанына түсірілетіндігінде. Аталған нейтрондар көзі (нейтрондар генераторы) ұңғыманың әр түрлі деңгейлеріндегі таужыныстарды қас-қағым сәтке ғана (микросекундтар) ұрғылап өтеді. Осы импульстік ұрғылаулар аралығында жылу нейтрондарының тығыздығы, немесе радиациялық тұтқындау гамма-сәулелерінің қарқындылығы өлшеніп отырады. Алынған деректер нейтрондарды сіңіру тілмесі жоғары элементтердің, бірінші кезекте хлор мен бромның, таужыныстағы үйірімділігін шамалауға мүмкіндік береді. Нейтрондық импульстік каротаж әдісі су-мұнай жапсарын тап басуға көмектеседі, себебі мұнайлы деңгейлердегі жылу нейтрондары өмірінің орташа ұзақтығы минералданған сулы деңгейлердің осы көрсеткішімен салыстырғанда әлде қайда мол мөлшермен сипатталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}