Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлеуметтік география"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш География бөлімдері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.

Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары