Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Семей филармониясы"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(+Санат:Шығыс Қазақстан облысы мекемелері; +Санат:Қазақстан музыкалық ұжымдары; ±Санат:Мәдениет→Санат:Семей мәдениеті ([[УП:HOTCAT|Hot...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:40, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Семей филармониясы, Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы қалалық филармониясы — мәдениет ұжымы.
Ол бұрынғы Семей облысы концерттік-эстрадалық бюросы (1945 — 66) және одан кейін Семей облысы мемлекеттік филармониясы (1966 — 91) деген атпен белгілі өнер ұжымы негізінде қайта құрылып, қазіргі атымен көпшілік қауымға мәдени қызмет көрсетіп келеді. Оның 7 тұрақты шығармашылық бөлімі (“Ән өзегі” фольклорлық ансамблі, “Семей сазы” эстрадалық жастар ансамблі, лекториялық топ, балалар ұжымы, т.б.) жұмыс істеді.
Филармония қарамағындағы ұжымдарға кезінде әнші М.Әшекеев, сондай-ақ мәдениет қызметкерлері Б.Үдербаева, Р.Байдалина, Э.Степанова, т.б. көркемдік жетекші ретінде басшылық жасады.
1975 — 82 ж. филармонияның көркемдік жағын Г.Егеубаева, ал 1982 жылдан Н.Құсайынов басқарды. 1975 ж. филармонияның “Әсем” деп аталатын халық аспаптар ансамблі Францияда өткен Кеңес мәдениеті күндеріне қатысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}