Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кадриль"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Сілтемелер: clean up, replaced: “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысан using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Кадриль (франц. quadrіlle, исп. cuadrіlla – төрт адамнан құрылған топ; лат. quadrum – төртбұрыш) – еуропалық халықтар арасында кең тараған би түрі. 17 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың аяғына дейін ең танымал бал билерінің бірі болған. Музыкалық өлшемі 2/4. Кадриль жеке аты бар және өзіне тән музыкамен сүйемелденетін 5 – 6 фигурадан тұрады. Халық тұрмысына кіргенімен кадриль өзінің композициялық ерекшеліктерін сақтаған. Бірақ оның әуені мен орындаушылық мәнері ұлттық нақышқа ие болды. Әр түрлі атпен кадриль орыс, украин, беларусь, литва, латыш, эстон халық биі ретінде сақталған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub