Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Орда-Шейх"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ Энциклопедиясы, VII- том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Сурет:GoldenHorde1300.png
Алтын Орда 1300жыл

Орда-ШейхАлтын Орда ханы (1359 – 1360). Ақ Орда ханы Сасы-Бұқаның ұлы, Орда-Еженнің бесінші ұрпағы, Жошы әулетінен. Бердібек хан өлгеннен кейін (1359) Алтын Ордада өзара алауыздық күшейіп, 20 жылда (1359 – 80) 25-тен астам хан ауысты. Осы кезеңде Алтын Орда әмірлері Ақ Орданы 17 жыл бойы билеген Шымтай ханды Алтын Ордаға хандыққа шақырды. Шымтай хан ұсынысты қабыл алмай, өз орнына інісі Орда-Шейхты жіберді. Тарихи деректерге қарағанда (Му’ин әд-Дин Натанзидің “Мунтахаб ат-тауарих-и Му’ини” атты шығармасында) Орда-Шейх Ақ Орда билеушілері әулетінен Алтын Орда ханы болған бірінші адам еді. Осыдан бастап Ақ Орда билеушілері Алтын Ордада өз билігін орнату үшін күрес жүргізді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub