Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Амфибластула"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Амфибластула (Үлгі:Lang-el — екі түрлі, қостүрлі; Үлгі:Lang-el — тіршілік; Үлгі:Lang-el — ескін) — біржасушалы ұрық — зиготаның бөлшектенуі нәтижесінде түзілетін, пішіні шар тәрізді, ішкі қуысы сұйыққа толған қосмекенді жануарлар эмбриогенезінің алғашқы даму сатысындағы ұрығы. Амфибластуланың жоғарғы анимальды полюсі майда бластомерлерден (микромерлерден), ал төменгі вегетативті полюсі — цитоплазмасы сарыуызға бай ірі бластомерлерден (макромерлерден) тұрады. Амфибластуланың қуысы (бластоцель) анимальды полюске қарай ығыса орналасады. Ал оның қабырғасы (бластодерма) бірнеше қабат бластомерлерден тұрады. Бұл бластомерлердің көпқабатты бластодермаға айналуы — тангенциальды ( бластомерлер бөлшектенуінің зиготаның сыртқы бетіне параллельді бірнеше қабатқа жүруі) бөлшектену арқылы жүреді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub