Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Базылхан Бұхатұлы"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
10:51, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Базылхан Бұхатұлы (9 мамыр 1932 жылы туған, Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы, Ақкөл ауылы) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995)
Өмірбаяны
- Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген (1960).
- 1960 жылдан Моңғолия ғылым академиясының ғылыми қызметкері.
- 1993 жылдан Қазақстан ғылым академиясының ғылыми қызметкері.
Ғылыми жұмыстары
Базылхан Бұхатұлының “Моңғол қазақтарының тілі және оның кейбір алтай тілдеріне қатысы” докторлық диссертациясы — алтай шоғырындағы тілдердің (түркі, моңғол, тұңғыс-манжұр, жапон, корей) генеалогиялық тегін анықтаудағы жаңа қадам әрі алтайтану ғылымына қосылған елеулі еңбек ретінде бағаланды. Ол түркі-моңғол, қазақ-моңғол тілдерінің қатынасын диахрондық, синхрондық лингвистика негізінде зерттеп, шығу тегінің бірлігін дәлелдеді. Моңғолиядағы қазақтардың тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, әдет-ғұрпына қатысты деректер жинап, Баян-Өлгей аймағыында Моңғол Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесін ашуға ат салысты.
Шығармашылығы
- Монгольские заимствования в Баян-Улгийском говоре казахского языка, А.-А., 1967;
- Краткая сравнительная историческая грамматика монгольского и казахского языков, У.-Б., 1973;
- Көне түркі ескерткіштері тілінің сөз құрылымы, У.-Б., 1984;
- Қазіргі қазақ және моңғол тілінің грамматикасынан қысқаша салыстырмалы белгілеулер, У.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>