Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Манселькя"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Мақала шеберханасы арқылы бастады) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Манселькя - Финляндияның солтүстік және шығыс аудандары мен Карель АССР-нде орналасқан қырат. Көне кристалды жыныстардан түзілген. Ұзындығы 750 км, ені 75 км. Биіктігі 718 м (Сокусти тауы). Балтық қалқанының көтеріңкі жерінде жатыр. Көне мұзданудың эрозиялық іздері жақсы сақталған. Мореналық төбелер мен су және мұз әрекетінен пайда болған жазықтар кең тараған. Өзен-көлге бай. Тайгалық батпақты орман. Көтеріңкі жері ормансыз, тундралық өсімдіктермен жабылған. Орман шаруашылығы, бұғы өсіру, аю және балық аулау дамыған. <ref>Қазақ энциклопедиясы </ref>