Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сырдария облыстық қазақ съездері"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Сырдария облыстық қазақ съездері. 1917 жылдың 2-5 тамызы аралығында Сырдария аймағына қатысты Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының съезі өтті. Съез төрағасы М.Тынышбаев болды. Съезде көтерілген негізгі мәселелер - Ресейдің қазіргі жағдайы; жалпы қазақ съезіне көзқарас; Ресейдегі мемлекет билеу түрі және келешектегі Түркістанды басқару мәселесі; жер, су және және қоныстанушылар мәселесі; азық-түлік, мал шаруашылығы және отын мәселелері; земство; мектеп мәселесі; халық соты; рухани-діни іс; баспасөз; Бүкілресейлік Мұсылман Кеңесіне және оның атқару комитетіне көзқарас; Жетісудағы қырғыздардың жағдайы; «Бірлік туы» одағы; 2-ші Бүкілресейлік ауылшаруашылығы санағы; жер комитеттері; әйел мәселесі; Құрылтай жиналысы туралы; ұлттық қазына мәселелері. Сырдария облысына қатысты келесі съез 8-11 казан аралығында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысынаөз депутаттарын белгілеу мақсатымен өтті. Бұл съезді С.Лапин және Садыққожа ұйымдастырды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub