Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Инвестор"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Lyazzat Sultanova (т) өңдемелерінен Batyrbek.kz соңғы нұсқасына қайтарды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Инвесторинвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет.

Инвестор ең алдымен үнемі табыс алуға, күрделі қаржысының қауіпсіз болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар, ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды қағаздар рыногіндегі ойыншылар инвестор бола алады. Инвестициялау мақсатына қарай стратегиялық және қоржынды инвесторларға; шаруашылық қызметінің бағытына қарай институционалдық және жеке инвесторларға; резиденттерге қарастылығына қарай шетелдік және отандық (ұлттық) инвесторларға бөлінеді.

Шетелдік инвестор – шетелдік заңды тұлғалар, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекеттер.

Ұлттық инвесторҚазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстанда инвестицияны жүзеге асыратын жеке не заңды тұлға.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң