Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Трихомоноз"
ш («Жұқпалы аурулар» деген санатты аластады; «Жұқпалы жыныс аурулары» деген санатт...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:23, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Трихомоноз – адамның, малдың, құстың жұқпалы ауруы. Қоздырғышы – қарапайым трохомонада. Мүйізді ірі қара малда жиі кездеседі. Трихомоноз сау малға шағылыс не қолдан ұрықтандыру кезінде жұғады. Трихомонозбен ауырған сиыр мен бұзаудың қынабы қабынып, сілекейлі қабатында түйіндер пайда болады. Ауруға шалдыққан мал қысыр қалып, буаз мал ерте іш тастайды. Бұқалардың жыныс мүшесі мен жыныс безі қабынады, жыныстық белсенділігі төмендейді. Емі: ауырған малдың жатынына аммарген, фурацилин, трихопол, фурамон, т.б. ерітінділерін тері астына, нитрофуран, т.б. дәрілерді ішіне егеді. Аурудың алдын алу үшін ауруға шалдыққан малдарды оңашалап, ауру таратушы малды анықтайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>