Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбзелхана"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: '''Әбзелхана''' - әбзелхананың екі түрі болды. Біріншісі, жазда, ерте күзде және көктемде көші-қон...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Әбзелхана - әбзелхананың екі түрі болды. Біріншісі, жазда, ерте күзде және көктемде көші-қонда пайдаланатын арнайы киіз үйден жасалған түрі. Екіншісі - қыстаулар мен жатақ ауылда шағын етіп жасалған бастырма түріндегі орынжай. Әбзелхана күнделікті тұрмыста қолданатын әбзелдер мен кұрал-саймандарды сактауға арналған. Бастырма түрінде жасалған орынжайдың төбесі жабық, есігінен басқа жағындағы қабырғалары бітеу болып келеді. Оның ішіне әбзелдерді ілетін және қоятын арнайы сөре, ілгіш, ашабақан, арса, тұғыр орнатылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub