Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Александр Иванович Соломарский"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Александр Иванович Соломарский (12.7.1897, Ресей, Ейск қ. 12.6.1980, Киев қ.) - режиссер, актер, педагог, Қазақстанның (1943) және Украинаның (1954) халық артисі. 1923 ж. Киевтің халық ағарту институты мен театр студиясын бітірген. Алғашында актер болып, бірқатар рольдерді орындады. 1939 - 44 ж. Алматыда тұрып, қызмет етті. Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі болып, орыс және шет ел драматургиясы бойынша бірнеше елеулі спектакльдер қойды. Одесса театр училищесінде (1944- 53) және Киевтің театр институтында (1954 - 78) педагогикалық қызметпен шұғылданды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify