Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Афродита"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Removing Link GA template (handled by wikidata))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Афродита — ежелгі грек мифологиясындағы махаббат пен сұлулық пірі, Зевстің қызы. Мінезі мен шығу тегі жағынан шығыстық Аштартқа (Астартаға) жақын. Афродита түрліше аталған. Римдіктер оны Шолпан (Венера) деп пайымдаған. Афродитаның көне замандағы мүсіндерінен неғұрлым білгілілері: Лудовизи тағының бедері (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасыр.), Алкамен Афродитасы (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасыр), Праксительдің Афродита Книдскаясы (біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың ортасы), Медичи Афродитасы (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр). Афродита (Шолпан) Милосская (біздің заманымыздан бұрын 3 — 2 ғасыр), Афродита Таврическая (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр, Ленинградтағы Эрмитажда сақтаулы).

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify