Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Микрофильмдеу"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Микрофильмдеу – түрлі құжаттардың, қолжазбалардың, техникалық сызбалардың, басылымдардың кішірейтілген көшірмелерін фотографиялық тәсілмен (немесе кинотүсіргі аппаратымен) түсіріп алу.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>.

Микрофильмдеу әдетте түпнұсқа материалдарының 8-40 есе, ал кейде тіпті 60-100 есе кішірейтілген көшірмесін береді. Ол үшін 16, 35, 70 және 105 мм-лік кинофотопленкалар пайдаланылады.

Микрофильмденген материалды оқу немесе көру үшін арнайы аппарат қажет. Ол фильмдерді ондаған есе ұлғайтып көрсетеді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала