Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әкімжан Назаров"
ш (Нұрлан Рахымжанов Назаров Әкімжан бетін Әкімжан Назаров бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Назаров Әкімжан (1891 – 1976) – облыс аумағында ұжымшар құрылысын ұйымдастырушы, Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Еңбек жолын 1906 ж жалдамалы жұмысшы болып бастаған. 1919 ж партизан отрядын құрған. 1921 – 23 ж ауылдық кеңестің төрағасы, 1923 ж ауыл шаруашылық артелін ұйымдастырушы, 1961 жылға дейін артелдің, кейіннен «Красный флаг» ұжымшарының төрағасы болған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Назаровтың басшылығымен ұжымшар тұрғындары танк колоннасын құруға қаражат жинау жөнінде бастама көтерген. Назаров жеке өзі 116 мың сом ақша қосқаны үшін Сталиннің алғысын алған. 1962 ж зейнеткерлік демалыста жүріп жайылымдарда жылқы өсіретін телімдер ұйымдастырды. Өсірілген жылқы малының саны үш жылдың ішінде үш есеге өсіп, мемлекетке өткізілді. Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы