Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Владимир Николаевич Кусов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: ҒА-ның → ғылым академиясының using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Владимир Николаевич Кусов - (24.5.1916, Ресей, Омбы қаласы – 24.6.2007, Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1972). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
- 1940 - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
- 1947-1972 - Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми кеңесші (1984 жылдан),
- 1972-1984 - Татарстанның Қазан малдәрігерлік институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1
- 1970 жылы «Клещи орнитодирины Казахстана (Фауна, распространение, экология, вредоносность и меры борьбы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері арахноэнтомология мәселелеріне арналған.
Кусов қора кенелерінің, т.б. мал энтопаразиттерінің фаунасы мен экологиясын зерттеп, олардан арылу шараларын ұсынған. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>