Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фаузия Шәмшиқызы Оразбаева"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Қосылуда... Санат:1949 жылы туғандар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Фаузия Шәмшиқызы Оразбаева (3. 5. 1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Талапкер ауылы) — тіл білімі маманы, педагогика ғылымы докторы (1996). ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1971).
- 1971- 1972 ж. республикалық медициналық училищенің комсомол комитетінің хатшысы.
- 1972- 1976 ж. ҚазМУ-да жалпы тіл білімі кафедрасының аспиранты.
- 1976-1977 ж. N 57-мектептің мұғалімі.
- 1977-1989 ж. Алматы шет тілдер педагогикалық институтының доценті.
- 1989-1991 ж. ҚазМУ-да жалпы тіл білімі кафедрасының доценті.
- 1991-1993 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік істер женіндегі проректоры. Қазір осында филология факультетінің деканы. "Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер" деген тақырыпта кандидаттық (1979), "Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік мақала мен 5 кітаптың авторы.
Шығармалары:
- Синонимика имени прилагательного в современном казахском языке. АКД., А., 1979;
- Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер. КДА., а., 1988;
- Қазақ әдебиетінің материалдары бойынша қазақ тілі салаларына арналған методикалык жұмыс А., 1992;
- Қазақ тілін тез үйрену сабағы. А., 1995;
- Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. А., 1995;
- Тілдік коммуникацияның негіздері. А., 1995;
- Тілдік қатынаспен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. ДДА., А., 1996.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала