Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гиподинамика"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: "Гиподинамика – адамның қозғалыс қимылы белсенділігінң шектелуінен, бұлшық еттердің жиырылу...")
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Гиподинамика – адамның қозғалыс қимылы белсенділігінң шектелуінен, бұлшық еттердің жиырылу күшінің төмендеуінен организм қызметінің (тірек қимыл қызметінің, қан айналымы, ас қорыту) бұзылуы. Гиподинамика энергия алмасудың төмендеуіне, бұлшық ет тіндерінің дистрофиясына, азоттық баланстың және май алмасудың бұзылуына, атеросклерозға әкеледі. Организмнің сыртқы ортаға икемдігін қамтамасыз ететін әрекеті азаяды, инфнкцияға тұрақтылығы төмендейді. Гиподинамика физиологиялық қартая процесін жылдамдатады. Қалалардың өсуі, еңбекті автоматтандыру және механикаландыру, коммуникациялық жабдықтарды кеңінен пайдалану гиподинамиканың өсуіне ықпал етеді.