Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Салыстырмалы геологиялық баламалар әдісі"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
11:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Салыстырмалы геологиялық баламалар әдісі (болжамдық ресурстарды бағалау барысында). Төмендегі әрекеттер жиынтығы нәтижесінде жүзеге асырылатын болжамдық ресурстарды бағалау әдісі: болжам аумағын геологиялық құрылысы біріне ұқсас, бірақ зерттелу дәрежесі түрліше төлнұсқа және есептеу бөлікшелеріне бөлу; жақсы зерттелген төлнұсқа бөлікшелер бойынша мұнайдың, газдың, конденсаттың және бұларға ілеспе құрамбөліктердің геологиялық қорларының (А+В+С1+С2 категориялары) меншікті тығыздығын анықтайтын сандық қатынастарды есептеп шығару; қорлардың меншікті тығыздығы әдісімен мұнай, газ және конденсат мөлшерлерін болжамдық бағалау көрсеткіштерін есептеу бөлікшелері бойынша анықтау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}