Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Эксплорер"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: ұз. → ұзындығы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Эксплорер – жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған америкалық ғарыштық ұшу аппараттарының және ұшыру жоспарының (1957 жылдан бастап) аты. “Э.-1” – АҚШ-та алғаш рет ұшырылған Жердің жасанды серігі (1.2.1958). “Э-дің” геом. пішіні әр түрлі (мыс., шар, көпбұрыш, цилиндр, конус) болып жасалады. Оның ұзындығы 2 м-ге жуық, массасы 8,3 кг-нан (“Э.-1”) 720 кг-ға (“Э.-55”) дейін жетеді. “Э.” хим. және күн батареясымен қоректенеді. Орбитада өмір сүру уақыты 3 жылдай. “Э.” көмегімен ғарыштық сәулелер, күн мен жұлдыздар, магнит өрісі, метеор бөлшектер, ионосфера мен атмосфера, жер төңірегіндегі кеңістіктің радиац. күйі, т.б. зерттелуде.