Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Перітіс"
(taxobox) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Перітіс, ритиспермум (Үлгі:Lang-la) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанның батыс, орталық және оңтүстік өңірлеріндегі таулы жерлерде, далалық алқаптарда, өзендердің жағалауларында, тың және тыңайған жерлерде, жол жиектері мен үй маңында өсетін 2 түрі: жіңішкегүлді Перітіс (Rhytіspermum tenuіfolіrum) және егістік Перітіс (Rhytіspermum arvense) бар. Бұлардың биікт. 5(10) — 20(40) см-дей. Дара сабағының жоғары жағы бұтақталып келеді, сыртын аздаған түк жапқан. Жапырақтары ұзынша (ені 4 — 8 мм, ұзындығы 1 — 3 см). Күлтесі ақ не сары түсті, желектері жұмырланған, созылыңқы келеді. Тостағанша жапырақшалары дән салар кезінде жаңғақтарын жаппайды. Сәуір — маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қоңыр не сары-сұр түсті жылтыр жаңғақша.
Дереккөздер</span>
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том