Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ампер (өлшем бірлігі)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Ампер, Андре Мари → Андре-Мари Ампер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ампер —
- электр тогы күшінің Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Француз физигі А.М. Ампердің (1775—1836) есімімен аталған. Белгіленуі: А. 1 А — бос кеңістікте (вакуумда) бір-бірінен 1 м қашықтықта параллель орналасқан, шексіз ұзын әрі өте жіңішке дөңгелек қималы, түзу екі өткізгіш бойымен өткенде, осы өткізгіш ұзындығы 1 м болатын бөлігінде 2*10−7 Н-ға тең өзара әсер күшін туғызатын, өзгермейтін ток күшіне тең. 1 А=3*109 СГСЭ бірлігі = 0.1 СГСМ бірлігі;
- магниттік қозғаушы күштің (ескі атауы — ампер-орам) Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі. Бұл жерде 1 А — күші 1 А болатын тұрақты ток контурымен ілініскен тұйық контур бойындағы магниттік қозғаушы күшке тең. 1 А = 0.4 π гильберт = 4π * 3 *109 СГСЭ бірлігі.
<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>
Дереккөздер
<references/>